Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын қорғауға дайындалып жатыр

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы биылғы 13 мамырда WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын екінші рет қорғайды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл туралы "Шредингер спорты" Telegram-арнасы жазды. Спортшы белбеуін қорғау үшін канадалық Стивен Батлерге қарсы жұдырықтасады. 

Соңғы рет "Қазақ стилі" 2022 жылдың қараша айында рингке шығып, британдық Дензел Бентлиді жеңген болатын. 

Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде өз жаттығуынан үзінді видеомен бөлісті.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: championat.com
Өзгелердің жаңалығы