"Жәндікті жұтып қойған": атақты миллиардерді ара шағып өлтірді

Поло ойыны кезінде әйгілі миллиардер Санджай Капур қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Daily Mail басылымының мәліметінше, оны бал арасы шағып алған.

Англияда поло матчы кезінде 53 жастағы үнді текті миллиардер, ханзада Уильямның жақын досы Санджай Капурдың өмірі қиылды. Оқиға спорт алаңында, командаластарының көз алдында орын алған.

Алдын ала нұсқаға сәйкес, Капурдың аузын бал арасы шаққан. Бұл анафилактикалық шок тудырып, жүрек талмасына әкелген болуы мүмкін. Медициналық көмек дереу көрсетілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.

Санджай Капур – әлемдік автокомпонент индустриясында жетекші компаниялардың бірінің директорлар кеңесінің төрағасы болған беделді кәсіпкер. Оның тосын өлімі Ұлыбритания мен Үндістанда қызу талқыға түсті.

Ресми мәліметтер әлі нақтыланбаған, дегенмен қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Getty Images
Өзгелердің жаңалығы