Бекшин бастаған ғалымдар шұғыл тестілердің тиімділігін зерттеді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте зерттеу жұмыстарының нәтижесі туралы баяндады.
Қазір COVID-19-бен күресуде жедел тесттерді қолдану және ерте қажеттілікті талап ететін диагностика мен скрининг, ауруды бақылау мүмкіндіктерін кеңейту қолға алынып отыр. Бұл тұрғыда Жандарбек Бекшин бастаған ғылым тобы сәуір-қыркүйек аралығында шұғыл тестілердің тиімділігіне зерттеу жүргізген.
Коронавирусты шұғыл анықтайтын тест күннен күнге жетіліп жатыр. Мәселен, АҚШ бір айда 250 млн тестіні пайдаланады екен. Көрші Ресей Федерациясы да соңғы айда шұғыл тестілерді кеңінен қолданған. Бізде қала әкімінің қолдауымен осы ғылыми-тәжірибелік жұмысты бастадық. Қазір бұл тестілердің тиімділігін және оны кеңінен пайдалану керектігін көріп отырмыз. Сол үшін ғылыми зеттеу жұмысын жүргізіп, өз тарапымыздан рекомендация бере аалмыз,-деді Бекшин.
Оның айтуынша, зерттеу жұмысы аясында 1 мыңдай тест сынамаларын зерттеп шыққан және 4 мыңға жуық адам қатысқан.
Олардың тест сынамалары, яғни жұғындылары талданды. Мәселен, қыркүйекте мектепте ауырған оқушылармен 10,5 мың оқушы жақын қарым-қатынаста болған. Оларды ПТР тестілеуден өткізсек көп уақыт кетеді, үлкен шығын болады. Шұғыл тестінің арқасында ол оқушыларды жарты сағатта тексеріп, ұсыныстарды айтуға болар еді. Сынамалары оң болғандарды әрине оқшаулаймыз. Ал, сынамасы теріс шыққандар тексерістен кейін өз оқуын жалғастыра бере еді,-деді қаланың бас санитар дәрігері.
Сонымен қатар ол бұл зерттеуді басқа салада да пайдалануға болатывнын айтты. Әсіресе ауруханаға ауыр жағдайда түскен науқастарды осы шұғыл тест арқылы тексеруге болады, оның қорытындысы 15-20 минутта шыфғып қояды. Қазір шетелден келгендерді 7 күнге оқшаулап жатырмыз. Оларды да шұғыл түрде зерттеп, қорытынды шығаруға болады екен.
Ғылыми топтың мүшесінің бірі Райхан Мамырова. Ол денсаулық сақтау магистрі, «Зертханалық медицина және сараптама Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті. Оның айтуынша, бұл өте жоғары деңгейдегі жоба.
Бұл жобаның идеясы Ж.Бекшиндікі. Оған Алматы әкімі қолдау білдірді және Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы да көмек көрсетті. Жоба аясында шұғыл тестілеудің тиімділігі мен оның пайдасын зерттедік. Оған жұқпалы аурухананың зертханалары да қатысты. Сондай-ақ шұғыл тестіні өндіретін отандық және шетелдік компаниялар қатысты. Олардың қатарында Жапония, Германия, АҚШ, Оңтүстік Корея, Түркия және тағы басқа елдердің өндірушілері бар. Зерттеу барысында шұғыл тестінің сезімталдығы өте жоғары болып шықты. Сондықтан оны неге ПТР тестімен қатар қолданбасқа деген сұрақ туындады,-дейді Мамырова.