Жаңбыршин: ЛГБТ насихаты – сырттан жасалып жатқан идеологиялық шабуыл
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин ЛГБТ насихаты мәселесіне қатысты пікір білдіріп, оны сырттан жасалып жатқан идеологиялық шабуыл деп атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Депутаттың сөзінше, бұл ағым кейбір халықаралық ұйымдар мен батыс елдерінің қаржылық қолдауымен таралып жатыр.
Бұл адамдар адам құқығы деген желеумен біздің қоғамға өз идеяларын егіп жатыр. Негізгі мақсаты – халықты деградацияға ұшыратып, біздің табиғи ресурстарымызға қол жеткізу, – деді депутат.
Оның айтуынша, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлі жыныстық қатынастар елдің дамуы мен ұрпақ санын қамтамасыз етудің басты кепілі.
Ер мен әйелден бала туады, біз бәріміз солардан шыққанбыз. Оның жасырын ештеңесі жоқ, – деп атап өтті депутат.
Еділ Жаңбыршин қоғамдағы бұл үрдісті "сырттан жасалып жатқан шабуыл" деп сипаттап, оны болдырмау үшін ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді сақтау қажеттігін алға тартты.
Еске салсақ, бұған дейін депутат ЛГБТ насихатына қандай тыйым салынуы мүмкін екені туралы түсіндірді.