Жаңбыр, үсік: Бірнеше өңірде қолайсыз ауа райы күтіледі
4 қазанда Жетісу облысында 2 градус үсік жүреді, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, елдің көп бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен найзағаймен жаңбыр жауып, түнде оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын жауады (жаңбыр, қар). ҚР бойынша желдің күшеюі күтіледі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстікте, шығыста, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында тұман, оңтүстігінде шаңды дауыл болуы ықтимал.
Қарағанды, Маңғыстау, Абай облыстарында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Ұлытау облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ұлытау облыстарының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.