14 Қыркүйек 2026, 02:34 Фото: depositphotos.com

Жаңбыр, тұман, қатты жел: Ел аумағында ескерту жарияланды

Синоптиктер тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын ұстануға шақырады.

«Қазгидромет» бүгін, 14 қыркүйекке Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады. Ел аумағында қатты жел, жаңбыр, найзағай, тұман және жоғары өрт қаупі болжанып отыр.

Ең күрделі ауа райы Солтүстік Қазақстан облысында күтіледі. Өңірде жаңбыр мен найзағай болып, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Жел екпіні кей жерлерде 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Петропавлда да жаңбыр, найзағай және қатты жел болжанады.

Ақмола облысында жаңбыр мен найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел екпіні кей жерлерде 25 м/с-қа дейін, Көкшетауда 23 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Астанада күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Павлодар облыстарында да желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с-қа дейін жетеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Жамбыл облыстарының жекелеген аудандарында тұман болжанған.

Сонымен қатар Алматы, Алматы облысы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Жамбыл облыстарының бірқатар аумағында жоғары немесе төтенше өрт қаупі сақталады.

Синоптиктер тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын ұстануға шақырады.