Жаңбыр, тұман: 9 наурызда кей өңірлерде күн жылиды

Синоптиктердің елімізде 9 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазгидромет РМК-ға сілтеме жасап.

Белсенді Оңтүстік циклоны ҚР территориясы арқылы тез жылжи отырып, өзімен бірге жаңбыр және қар түріндегі жауын-шышын, оңтүстік пен орталықта қатты жауын-шашын, желдің күшеюін және температураның жоғарылауын алып келеді.

Тек еліміздің оңтүстік-шығысында антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша тұман, көктайғақ күтіледі.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының тау асуларында желдің 30 м/с және одан аса күшеюі күтіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы