2 Қараша 2026, 02:34
Фото: depositphotos.com
Жаңбыр, қар және тұман: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Бірнеше облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
«Қазгидромет» РМК бүгінге, 2 қарашаға арналған дауылды ескерту жариялады. Алматы мен Шымкент қалаларында, сондай-ақ бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары болады.
Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ күтіледі. Павлодар, Жетісу және Жамбыл облыстарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.
Бірқатар өңірде түнде және таңертең тұман түседі. Алматы, Жетісу, Қызылорда облыстарында ауа температурасы нөлден төмендейді. Ұлытау, Атырау және Қызылорда облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.