Жаңбыр, қар және көктайғақ: 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Тұрғындарға ауа райының қолайсыздығын ескеріп, сақтық шараларын ұстану ұсынылады.
Қазақстанның 17 өңірінде бүгінге, 15 қазанға дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді.
Синоптиктердің болжамынша, бірқатар өңірде қатты жел, тұман, көктайғақ және шаңды дауыл күтіледі. Кей аймақтарда өрт қаупі жоғары немесе төтенше деңгейде сақталады.
Жетісу, Алматы, Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Ұлытау, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан және Қызылорда облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында екпін 23-28 м/с, кейде 30 м/с-тан асады.
Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман күтіледі.
Абай облысында көктайғақ болуы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде қатты жауын-шашын, тұман және көктайғақ күтіледі.
Маңғыстау мен Атырау облыстарында болжанады.
Сонымен қатар бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Тұрғындарға ауа райының қолайсыздығын ескеріп, сақтық шараларын ұстану ұсынылады.