Жаңбыр, қар және боран: Қазақстанда алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 11, 12 және 13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері қар, жаңбыр, боран, көктайғақ және қатты жел күтіледі. Ауа температурасы төмендейді, тұман сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қуатты циклон жақындап келеді
Болжамға сәйкес, алдағы тәуліктерде солтүстік антициклонның ықпалы әлсіреп, республика аумағына Атлантикадан келген циклон жақындай бастайды.
Ол тұрақсыз ауа райын алып келеді: жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ, ал солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде қарлы боран күтіледі, - деп хабарлады синоптиктер.
Еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман сақталады.
Ауа температурасы да өзгермек: солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде 5-15 градус аяз, күндіз 0-5 градус аяз күтіледі. Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнде 0-5 градус аяз болса, күндіз 0-8 градус жылы болады.
"Қазгидромет" 2025 жылдың желтоқсанынан 2026 жылдың ақпанына дейінгі қыс маусымына, сондай-ақ 2026 жылдың наурызына арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялады. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.