21 Қазан 2026, 02:34 Фото: BAQ.KZ архиві

Жаңбыр, қар, көктайғақ: 17 облыста дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер тұрғындарды ауа райының өзгерістерін ескеріп, жолда және қатты жел кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Бүгін, 21 қазанда Қазақстанның 17 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Желдің екпіні кей жерлерде 24–29 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Қарағанды, Алматы, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында жел күшейіп, түнде ауа температурасы нөлден төмендейді. Бірқатар өңірде тұман түседі.

Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау және Қостанай облыстарында жоғары немесе төтенше өрт қаупі сақталады.

Синоптиктер тұрғындарды ауа райының өзгерістерін ескеріп, жолда және қатты жел кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырады.