Кеше 2026, 23:39 Фото: pixabay

"Жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл". 16 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Ертең Астанада да кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

"Қазгидромет" синоптиктері 21 мамырда 16 өңірде дауылды ескерту жариялады.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт каупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Таңертең және күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15–20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 21 мамырда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Сынап бағаны айтарлықтай төмендеп, ауа температурасы күндіз 15-17 градус жылыны көрсетеді.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады, ал түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 2 градус суық болып, үсік жүретіні болжанады. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Қостанайда 21 мамырда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Алматыда 21 мамырда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с. Қонаевта 21 мамырда оңтүстік-шығыстан соққан желдің кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с қамтиды.

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 21 мамырда күннің екінші жартысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 21 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15–20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-шығысында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі. Оралда 21 мамырда жел шығыстан соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың шығысында 1 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде 21 мамырда жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың батысында, орталығында тұман түседі деп болжанады. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 21 мамырда түнде және таңертең тұман болады.

Түнде және күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 21 мамырда түнде жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ түседі, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 21 мамырда күндіз шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында, күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 21 мамырда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Жоғары өрт қаупі облыстың солтүстігінде, шығысында, облыстың орталығында, батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Таразда 21 мамырда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Астанада 21 мамырда кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда 21 мамырда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады, ал облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 21 мамырда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, ал түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі деп күтіледі. Солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігіндегі екпіні 25 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 21 мамырда түнде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Бұған дейін синоптиктер ертең үш өңірде үсік жүретінін болжап, ескерту жасаған болатын.