Жаңбыр, найзағай: 8 маусымға арналған ауа райы болжамы
8 маусым, сенбі күні еліміздің бірқатар өңірінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан территориясының басым бөлігінде әлі де құбылмалы тұрақсыз ауа райы сақталады.
Еліміздің батысында, солтүстігінде — қатты жаңбыр жауады, мемлекетіміздің батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ болады.
Тек еліміздің оңтүстігінде жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.
Республика бойынша жел күшейеді, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.
Күндіз Қызылорда, Алматы, Жетісу облыстарында қатты ыстық сақталады, Қостанай облысының оңтүстігінде де аптап болады.
Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Ұлытау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Абай облыстарында жоғары өрт қаупі бар.
Түркістан облысының шөлді аудандарында, Атырау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.