Жаңбыр, найзағай: 21 тамызға арналған ауа райы болжамы
Бүгін солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, найзағай ойнап, бұршақ, дауылмен жаңбыр жауады, солтүстік – батыста, шығыста, елдің орталығында қатты жаңбыр жауады.
Республиканың батысында, оңтүстігінде ғана күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады деп күтіледі. Атырау, Абай облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, - делінген хабарламада.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы облысыныңбатысында, солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында, Атырау облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.