Жаңбыр, найзағай: 14 маусымға арналған ауа райы болжамы

14 маусымда еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жаууы ықтимал, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Абай облысының орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Семей қаласында 14 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-18 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қаласында 14 маусымда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Қала бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, найзағай кезінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Өскемен қаласында 14 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-18 м/с.

Ақтөбе облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қаласында 14 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Қарағанды облысының шығысында қатты жаңбыр. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күңдіз бұршақ, дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі. Қарағанды қаласында 14 маусымда найзағай күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38-40 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың жағалауында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында 14 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 14 маусымда облыстың батысында, солтүстік-шағысында жоғары өрт қауіпі, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында 14 маусымда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қаласында 14 маусымда күндіз 35 градус ыстық сақталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы