Жаңбыр мен қар еліміздің тас жолдарында қозғалысты қиындатады
19 желтоқсанда еліміздің бірқатар өңіріндегі республикалық маңызы бар автожолдарда ауа райы жағдайының нашарлауы күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында, сондай-ақ Абай мен Ұлытау облыстарында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болжанып отыр.
Қолайсыз ауа райына байланысты жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтап, арақашықтықты ұстану, жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау және жол жағдайының нашарлауы мүмкін екенін ескеру ұсынылады.
Республикалық автожолдардың жай-күйі туралы қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 нөмірі бойынша колл-орталыққа хабарласу арқылы білуге болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанның халықаралық резервтері рекордтық деңгейге жетті
Келесі жаңалық
Су саласында салынған айыппұлдар 146,7 млн теңгеге жетті
Өзгелердің жаңалығы