Кеше 2026, 23:54 Фото: unsplash.com

Жаңбыр, бұршақ және тұман: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Ертең кей аймаққа жауын жауып, кей жерлерге тұман түседі.

Бірқатар өңірде 2026 жылғы 23 сәуірге дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.

Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, батыста, солтүстікте, шығыста екпіні 15–20 м/с. Көкшетауда түнде найзағай.

Жетісу облысында түнде және таңертең кей жерлерде жаңбыр, найзағай, таулы аймақтарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл. Жел солтүстік-батыс, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15–20 м/с. Талдықорғанда түнде және таңертең жаңбыр, найзағай.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең оңтүстігінде, шығысында тұман. Жел әлсіз. Ақтауда түнде және таңертең кей жерлерде тұман.

Қостанай облысында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік, күндіз батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел батыс, оңтүстік-батыс, екпіні 15–20 м/с. Қостанайда түнде және таңертең жауын-шашынсыз, күндіз жаңбыр, найзағай.

Түркістан облысында түнде және таңертең таулы аймақтарда тұман, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жаңбыр, найзағай, дауыл, кей жерлерде қатты жаңбыр. Жел оңтүстік-батыс, екпіні 15–20 м/с. Шымкентте түнде және таңертең жаңбыр, күндіз қатты жаңбыр, найзағай, дауыл.

Атырау облысында түнде және таңертең кей жерлерде жаңбыр, найзағай. Жел әлсіз. Атырауда түнде және таңертең кей жерлерде жаңбыр, найзағай.

Павлодар облысында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде тұман, күндіз жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ. Жел оңтүстік-батыс, екпіні 15–20 м/с, күндіз кей жерлерде 23–28 м/с. Павлодарда түнде және таңертең жаңбыр, найзағай.

Ақтөбе облысында түнде және таңертең шығысында 2 градусқа дейін үсік. Жел оңтүстік-батыс, екпіні 15–20 м/с. Ақтөбеде түнде және таңертең жауын-шашынсыз.

Қарағанды облысында түнде және таңертең жаңбыр, найзағай, шығысында қатты жаңбыр, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел оңтүстік-батыс, батыс, екпіні 15–20 м/с. Қарағандыда түнде және таңертең жаңбыр, найзағай.

Ұлытау облысында түнде және таңертең жаңбыр, найзағай, бұршақ, күндіз шығысында аздаған жаңбыр, найзағай. Жел әлсіз. Жезқазғанда түнде және таңертең жаңбыр, найзағай.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде жауын-шашынсыз, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыс, батыс, екпіні 15–20 м/с. Оралда түнде және таңертең жауын-шашынсыз.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде жауын-шашынсыз, күндіз батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с. Өскеменде түнде және таңертең жауын-шашынсыз.

Абай облысында түнде және таңертең кей жерлерде жауын-шашынсыз, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с. Семейде түнде және таңертең жауын-шашынсыз.

Қызылорда облысында түнде және таңертең орталығында шаңды дауыл, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр, найзағай. Жел солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с. Қызылордада түнде және таңертең кей жерлерде жауын-шашынсыз.

Жамбыл облысында түнде және таңертең жаңбыр, найзағай, таулы аймақтарда тұман, күндіз оңтүстігінде және таулы аймақтарда қатты жаңбыр, бұршақ. Жел оңтүстік-батыс, екпіні 15–20 м/с. Таразда түнде және таңертең жаңбыр, найзағай.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең жаңбыр, батысында тұман, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыс, батыс, екпіні 15–20 м/с. Петропавлда түнде жаңбыр.

Астанада түнде және таңертең найзағай. Жел әлсіз.