Жаңбыр, боран, көктайғақ: 15 облыста дауылды ескерту жарияланды

Ертең, 31 желтоқсанда Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, елдің бірқатар өңірлерінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, боран, тұман және көктайғақ болады. Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қар мен боран күтіледі. Кей өңірлерде желдің екпіні секундына 20–28 метрге дейін жетуі мүмкін.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда, соның ішінде Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарының таулы аудандарында жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын болжануда. Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында тұман мен көктайғақ болады.

Ірі қалаларда да қолайсыз метеожағдай күтіледі. Атап айтқанда, Қарағанды, Орал, Павлодар, Ақтөбе, Көкшетау қалаларында қар, көктайғақ пен боран байқалады.

Мамандар тұрғындарды жолда абай болуға, алыс сапарларды кейінге қалдыруға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы