Жанболат Ағаділдің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов Жанболат Ағаділдің өліміне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, күдіктілер ұсталды, деп хабарлады tengrinews.kz.
ЖШС жұмысшылары мен Талапкер кентінің жастары арасында қақтығыс болған. Нәтижесінде жастар Ақмола облысының Талапкер кентінен Көктал шағын ауданына 20 адам кәсіпорынның жас қызметкерлері тұратын жерге келіп, жанжал төбелеске ұласқан. Кейіннен Ағаділ сол жерде пышақ жарақатын алып, көз жұмған. Осы дерек 293-баптың 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. 99-баптың 2-бөлігі бойынша да. Оқиғаның, төбелестің барлық қатысушысы ұсталды, - делінген таратылған ақпаратта.
Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтандағы жаппай төбелесте Дулат Ағаділдің ұлы мерт болғаны туралы осыған дейін хабарлағанбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус адамның есту қабілетіне кері әсер етеді
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы