Жаңатастағы тұрғын үйден өрт шықты

Жамбыл облысының Жаңатас қаласында 3-қабаттағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша өрт орнына 2 адам және 1 техника жұмылдырылған.

Өрт шыққан пәтерден 1971 жылы туған азамат құтқарылып, жедел ауруханаға жеткізілді.

Құтқару операциясына:Сарысу ауданы ТЖБ басшысы Ж.Танабаев, 16-ӨСБ бөлімінің басшысы С.Исмайлов және бөлімше командирі Н.Ысқақов қатысты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы