Қазақстан жаңартылатын энергия көздері саласында өңірлік көшбасшыға айналды – Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан жаңартылатын энергия көздері саласында өңірлік көшбасшыға айналды. Бұл туралы бүгін XII Kazenergy Еуразиялық форумында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин айтты.

«Біз энергия жеткізілімі тұрақтылығының арқасында өңірлік көшбасшыға айналып отырмыз. 2017 жылы Астанада Экспо көрмесін өткізген уақыттан бері Қазақстан экономикаға кешенді «жасыл» шараларды енгізуде елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінде біз 3000-нан астам мегаваттқа дейін жаңартылатын энергия көздері қоржынын кеңейттік. 2019 жылдың алғашқы 6 айының өзінде сектордағы өндіріс 31,7%-ға ұлғайтылды», - деді Асқар Мамин.

Премьер-министрдің айтуынша, қазіргі кезде жаһандық тұтыну құрылымы өзгеріске ұшырауда.


«Жалпы, шын мәнінде энергетикада жоспарлау деңгейіндегі белгілі бір трансформация жүріп жатыр. Бүгінгі таңда жаһандық тұтыну құрылымы өзгеріске ұшырауда. Ал бұл индустрияны өзгертуді талап етеді. Бізден қандай да бір жаңашылдық талап етіліп отыр. Қазіргі уақытта жаһандық экономиканың қарқыны ымырасыз бәсекелестік жағдайында дамып келе жатыр. Ең үлкен құлдырау қаржы секторында және өнеркәсіпте болды. Аймақтық тұрақсыздық күн өткен сайын қайталанып келе жатқан құбылыстарға айналуда», - дейді премьер-министр.

Айта кетейік, форум аясында үкімет басшысы Digital energy көрмесін қарап, Исландияның экс-президенті және «Арктикалық шеңбер» халықаралық форумының төрағасы О. Р. Гримссонмен кездесу өткізді. Онда Алматы облысында геотермалды энергетиканы дамыту перспективасын талқылады. Сондай-ақ мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) бас хатшысы М. С. Баркиндомен кездесуде Қазақстанның ОПЕК-пен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы