Жанармай құю бекетіндегі жарылыс: Түркістан облысында бірнеше нысан отқа оранды
Түркістан облысы Қазығұрт ауданына қарасты Турбат ауылында жанармай құю станциясындағы жарылыс ірі өртке ұласып, жақын маңдағы ғимараттарға зақым келтірді. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Төтенше жағдай жанармай құю кезінде орын алған жарылыстан кейін басталған. Жарылыстың салдарынан жанармай құю бекеті толығымен жанып, өрт жақын маңдағы жеке тұрғын үйге, сауда үйіне, дәріхана мен дүкенге тараған. Жалынның жалпы аумағы 855 шаршы метрді құрады.
Өртті сөндіруге 39 құтқарушы, 11 арнайы техника, сондай-ақ полиция мен әкімдік қызметкерлері жұмылдырылды.
Жалынды толық ауыздықтауға екі сағаттан астам уақыт кетті.
29 жастағы жанармай көлігінің жүргізушісі күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта жарылыстың нақты себебі анықталуда, тергеу жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы