Жанармай өндіретін зауытта жарылыс болды

АҚШ-тың Луизиана штатындағы Танжипахоа округінде орналасқан Smitty's Supply жанар-жағармай өндіретін зауытында қуатты жарылыс болып, кейіннен өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Fox News арнасына сілтеме жасап.

Оқиғадан кейін билік бір миль радиустағы тұрғындарды эвакуациялады. Құтқарушылар зауыт маңындағы жолдарды жауып, жүргізушілерге балама бағыттарды пайдалануды ескертті.

Қоршаған орта сапасы департаменті мен Қоршаған ортаны қорғау агенттігі жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Алдын ала деректерге сәйкес, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Алайда жергілікті тұрғындар аумақта күйе иісінің сезіліп, көшелерде шайырлы шөгінділер мен майлы жауын байқалғанын жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы