"Жанармай көтерілсе, баға қымбаттайды". Вице-министр әуе билеттеріне қатысты сұраққа жауап берді
Елімізде әуе билеттерінің бағасы қымбаттай ма? Бұл сұраққа көлік вице- министрі Талғат Ластаев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жалпы,тариф өзгерген жоқ. Тариф - әртүрлі элементтерден тұрады. Оның ішіндегі ең үлкені - жанармай. Қазір отандық зауыттардың өндіретін жанармайы жетпей жатыр. Сондықтан импорт жағынан бағаның өсу-өспеуі маусымға байланысты болмақ. Ол бағаға әсер етеді. Тарифтің өзі өспейді, оған күнделікті факторлар әсер етеді, – деді вице-министр.
Вице-министр жолаушыларға ереже ұсынды.
Билеттерді алдын алу керек. Біздің сараптамамыз бойынша бүгінгі таңда 52 пайыз жолаушылар 2 апта бұрын алады екен. Егер одан бұрын алсаңыз арзан болады, – деді Ластаев.
Еске сала кетейік, осыған дейін вице-министр Астанада неге әуе рейстері кешігіп жатқаны туралы айтты. Ол егіздің сыңарын әуежайда тастап кеткен FlyАrystan әуе компаниясына 3,5 млн теңге айыппұл салынғаны туралы да айтты.