Жаңарған Түркістанды тұрғызуға сан ұлттың өкілдері күш біріктірді – Өмірзақ Шөкеев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында Түркістан облысының әкімі, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті. 

Оның айтуынша, Түркістан облысы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын татулық пен бірлік атмосферасында атап өтуде. 

Бұл өздігінен жүзеге аспайтыны түсінікті. Біздің аймақ еліміздің ең тығыз қоныстанған өңірлерінің бірі, онда 2 миллионнан астам адам тұрады. Қоғамның тұрақтылығы халықтың алуан түрлі мәселелерімен тікелей байланысты.

Бүгінгі таңда Түркістан облысында тұратын 50-ге тарта этностың 500 мыңға жуық өкілі (облыс халқының 25 пайызы) біртұтас халыққа бірігуіне қажетті жағдайлар мен тиісті инфрақұрылым жасалды, -дейді Шөкеев.

Сонымен қатар ол облыста этностар өкілдері жинақы тұратын аудандарда «Қоғамдық келісім» мекемесінің 9 филиалы жұмыс істеп жатқанын айтты. Облыс ассамблеясы 34 этномәдени бірлестікті біріктіреді, этнос өкілдерінің дамуына бар жағдай жасалған.

Облыс деңгейінде Түркістан облыстық ассамблеясының 5 қоғамдық құрылымы – Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, Журналистер мен блогерлер клубы, Ғылыми-сарапшылық топ, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының облыстық штабы жұмыс істейді. Барлық аудандар мен қалаларда Қоғамдық келісім, Аналар, Медиация кеңестері қызмет етеді,- деп атап өтті Түркістан облысының әкімі, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы