14 Қараша 2021 2021, 20:03

Жанар-жағармайды шетелге жеткізетін жер асты құбыры табылды

Жамбыл облысының Меркі ауданында шекарашылар жанар-жағармайды шетелге заңсыз шығаруға арналған құбырды тапты. Күдіктілерді полиция іздестіріп жатыр.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының Меркі ауданында шекарашылар жанар-жағармайды шетелге заңсыз шығаруға арналған құбырды тапты. Күдіктілерді полиция іздестіріп жатыр.

Ұлттық қауіпсіздік комитететінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған жерасты құбырын шекарашылар тауып алған.

Осыған байланысты жедел-тергеу тобы құрылып, іс материалдары Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.