Жаңаөзендік жанұя тауық фермасынан табыс тауып отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңаөзендік Аджибаевтар жанұясы бройлер тауықтарын өсіріп, сатумен айналысады.

«Өзенқұс тауық» фермасының негізін қалаған Аджибаевтар бүгінде айына 3000-нан астам балапанды өсіріп отыр. 

Жаңаөзен қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Жұмыс жасаймын» бағдарламасы арқылы 5 тұрғынды жұмыспен қамтып отырған жеке кәсіп иелері Жаңаөзен тұрғындарын сапалы тауық етімен қамтамасыз етіп отыр. 

Аджибаевтар жанұясының отанасы Гүлсін Аджибаева алдағы уақытта кәсіп көлемін кеңейтіп, тауық етімен облыс тұрғындарын қамтуды жоспарлап отырғанын айтады. 

Жолдасым Ғалым Аджибаев тауық өсірумен 2018 жылдан бері айналысып келеді. Қызығушылықпен ғана үйдің ауласында балапан өсіруден басталған іс кейіннен ферма ашып, ауқымды жұмыс істеуге дейін алып келді. Бройлер тауықтары 2 ай сайын сойылып тұрады. Әр сойылым 3000 тауықты қамтиды. Тұрғындар тауық өнімдерін, оның ішінде тауықтың төс еті, сандары, жамбасы, қанаттары, тартылған құс еттеріне дейін сатып алады. Қазіргі таңда сатып алушылар тарапынан сұраныс жоғары, - дейді Гүлсін Аджибаева.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы