Жаңаөзендегі жарылыс: Үйсіз қалған отбасыларға жаңа пәтер беріледі

ҚМГ Жаңаөзендегі төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа пәтер береді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Жаңаөзен қаласындағы төтенше жағдай салдарынан қайтыс болған тұрғынның отбасына көңіл айтты.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Жаңаөзен қаласындағы төтенше жағдай салдарынан қайтыс болған тұрғынның отбасына, туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады және зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуін тілейді. Тұрғын үйсіз қалған отбасыларға жаңа пәтер беріледі, зардап шеккендерге орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, барлық қажетті көмек көрсетіледі, - делінген компания хабарламасында.

Еске салсақ, Жаңаөзенде тұрғын үйде газ жарылып, 11 адам зардап шекті. Оқыс оқиғаға байланысты бүгін жедел штаб құрылды. Зардап шеккен азаматтардың бірі қайтыс болды. Екеуінің жағдайы ауыр деп бағалануда. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тұрғын үйсіз қалған отбасыларға жаңа пәтер берілетінін мәлімдеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы