17 Сәуір 2023 2023, 20:28 Фото: ТЖМ

Жаңаөзендегі жарылыс. Авариялық-құтқару жұмыстары аяқталды

ТЖМ Жаңаөзен қаласындағы тұрғын үйде болған жарылыс туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ Жаңаөзен қаласындағы тұрғын үйде болған жарылыс туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін, 17 сәуірде  сағат 5:05-те (Астана уақыты бойынша) 2-ші шағын ауданындағы Жаңаөзен қаласы екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйдің 2-ші кіреберісінде болжам бойынша табиғи газдың шығуаы салдарынан газ-ауа қоспасының жарылысы болды, - делінген хабарламада.

Оқиға орнында өрт болған жоқ, Жарылыс салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қирады. Жарылыс кезінде 4 пәтер зардап шекті.

Құтқарушылар үйінділердің астынан 4 аман қалған адам мен төрт адамның денесін алып шықты. Қазіргі уақытта 6 адам ауруханада ем алып жатыр.

ТЖД-да жедел штаб құрылып, жедел желі телефоны 8/7292/31-90-99 қызмет көрсетуде.

Оқиға орнына ТЖД бастығы полковник Мұрат Мұханов барды.

Үйінділерді талдау бойынша жедел жұмыстарға 40-қа жуық техника және 350-ге жуық адам, соның ішінде кинологиялық есеп, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық көмек, полиция, еріктілер жұмылдырылды, - делінген хабарламада.

Сағат 18.15-те барлық авариялық-құтқару және үйінділерді талдау жұмыстары аяқталды.

Қазіргі уақытта Жаңаөзен қаласының әкімдігі комиссия құрды. Осы комиссия жарылыстың мән-жайын анықтап, келтірілген залалды анықайтын болады.