Жаңаөзендегі жағдай тұрақталды ма? - Ноғаев жауабы

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қаласындағы қазіргі жағдай туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Дәл қазіргі уақытта Жаңаөзендегі жағдай тұрақталды ма?» деп сұрады БАҚ өкілі өңір басшысынан.

Бізде Жаңаөзенде күн сайын қала әкімдігінің алдында ең кемі 30-40 адам тұрады. «Маған «ӨзенМұнайГаз»-дан тұрақты жұмыс бер» деп өздерінің талаптарын айтады. Біз оны істей алмаймыз. Түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, - деп атап өтті әкім еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңестен соң Үкіметтің кулуарында берген сұхбатында.

Облыс басшысы олардың әрқайсысымен жеке-жеке сөйлесеміз деп отыр.

Жеке-жеке сөйлескенде әлеуметтік, қаржылық жағдайын айтады. Балам мүгедек, ағайын-туысымның жағдайы осындай деп жеке субъективті мәселелер бар. «Басқасын қоя қой да, мені кіргіз» дейді. Егер ондай принциппен жүретін болсақ, кезекте тұрған ағайынға не деп айтамыз? – деп жауап берді Нұрлан Ноғаев.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын жаңаөзендік мұнайшылар жұмыс беруді талап еткен болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақорда
Видео: автордан
Өзгелердің жаңалығы