Жаңаөзендегі полигон өртінен кейін ауаның ластанғаны анықталды
Жаңаөзен қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында болған өрттен кейін атмосфералық ауаның ластануы анықталды. Бұл туралы Экология департаменті мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Қалалық ТЖ бөлімінен түскен ақпарат негізінде мамандар «Таза-Жаңаөзен» ХҚК-ға қарасты полигон аумағында ауа сынамаларын алды. Тексеру өртке байланысты жүргізілген.
Зертханалық талдау нәтижесінде ауада көміртегі (күйе) мен көміртегі оксидінің шекті рұқсат етілген концентрациядан асқаны белгілі болды.
Қабылданатын шаралар мен алдағы іс-қимылдар туралы қосымша ақпарат кейін хабарланатын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қалың қар: Астанада таңғы уақытта 45 жол апаты тіркелді
Келесі жаңалық
Миланда XXV Қысқы Олимпиада ойындары ресми түрде ашылды
Өзгелердің жаңалығы