Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытының бас директоры ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытының бас директоры мен сұйытылған газды сататын электронды сауда алаңының басшысы ұсталды. Бұл туралы Qazaqstan арнасы хабарлады.
Қаржы мониторингі агенттігі бағаны негізсіз көтеру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Айта кетейік, «Қазақ газ өңдеу зауыты» бүкіл Маңғыстау облысын және елдің басым бөлігін сұйытылған газбен қамтамасыз етеді.
Президент өткен маусым айында ғана көгілдір отынды тұтыну кейінгі үш жылда екі есе өскенін, ал аталған зауыттың қондырғылары 90% ескіргенін ескерткен еді.
ВИДЕО: Qazaqstan арнасы
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коммуналдық тарифтерді көтеруге мораторий енгізілді
Келесі жаңалық
Таразда екінші «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді
Өзгелердің жаңалығы