Жаңаөзенде жұмыссыздар алаяққа 1 млн теңгеге алданды
Алаяқ жұмыссыздарды мұнай компаниясы мен балабақшаға жұмысқа орналастырамын деп алдап соққан. Жаңаөзен тұрғындары уәденің орындалғанын біраз уақыт күтеді. Алданғандарын түсінген соң полицияға арызбен жүгінеді, деп жазады BAQ.KZ inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Алаяқтық әрекетті жасаған күдікті мұнай саласындағы жұмыс пен балабақшаға жоғары лауазымға орналастыру үшін жалпы сомасы 1 млн 220 мың теңге жымқырғаны белгілі болды.
Қазір күдіктінің жеке басы анықталып, 43 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабымен қылмыстық іс тіркелген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық боксшы Мексикада қарсыласын нокаутқа түсірді
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы