Жаңаөзенде жер астынан су фонтанша атқылады
Жаңаөзенде «Өзенмұнайгаз» нысанындағы құбыр зақымданып, жер астынан су фонтанша атқылады. Оқиғаға қатысты экология департаменті мәлімдеме жасады.
Жаңаөзенде мұнай өндіруші компания нысанында апат болып, зақымданған құбырдан су атқылай бастаған. Оқиғаға қатысты Маңғыстау облыстық экология департаменті түсініктеме берді. Бұл туралы Lada.kz хабарлады.
Мамандардың мәліметінше, 27 сәуір күні сағат 15:15 шамасында «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның мұнай дайындау және өндірістік қызмет көрсету басқармасына қарасты №4 теңіз сорғы станциясында диаметрі 1020 мм болатын шығыс құбырында ақау пайда болған.
Зақым салдарынан құбырда тесік пайда болып, сол жерден су фонтанша атқылай бастаған.
Оқиға туралы жер қойнауын пайдаланушы компания сол күні сағат 18:24-те хабарлаған.
Алдын ала мәлімет бойынша, ақаудың нақты себебі әзірге анықталған жоқ. Қазіргі уақытта апат салдары толық жойылған.
Ведомство мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.
Экология департаменті осы дерекке байланысты зертханалық-талдамалық бақылау мамандары қоршаған ортаның жағдайына мониторинг жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Тексеру нәтижелері қосымша жарияланады.
- Биыл Қазақстанда тұрғын үй кезегіне қалай тұруға болады 16:33
- Абай күнінде жаңа мұражай мен «Абайтану» үйірмесі ашылды 16:21
- «Ақылды протекционизм»: Сарапшылар Қазақстанның отандық өндірушілерді қолдау бағытын бағалады 16:15
- Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енгеніне бір айдан асты: Не өзгерді? 16:05
- Көлік саласына $35 млрд: Шетелдік БАҚ Қазақстанның логистикалық әлеуетін қалай бағалайды? 16:03
- Тоқаев Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысын ауыстырды 15:42
- Балағат сөздері үшін бірнеше рет жауапқа тартылған әйел психикалық орталыққа жатқызылды 15:30