Жаңаөзенде жеңіл көлік балалар ойын алаңын талқандап тастады

Әлеуметтік желіде жеңіл көліктің балалар ойын алаңына "секіріп кірген" видеосы тарады. Оқиға Жаңаөзен қаалсында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Lada.kz басылымы Маңғыстау облысының полиция департаментіне сілтеме жасап, оқиғаның 25 қыркүйекте "Шұғыла" шағын ауданында болғанын жазды. Көлік ойын алаңындағы құрылыстың бір бөлігін бұзып, қиратқан.

Ведомство Toyota Prado жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын хабарлады. Заңға сәйкес, ол 20 АЕК (73 840 теңге) көлемінде айыппұл төлеуі немесе алты айға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін. Зардап шеккендер жоқ.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан скрин
Өзгелердің жаңалығы