Жаңаөзенде жантүршігерлік жол апатынан екі бала көз жұмды

Жаңаөзенде тас жолда болған жол апаты салдарынан екі бала қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көлік жолдан шығып кетіп, аударылған. Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккендерге жолдан өтіп бара жатқан көлік иелері көмекке келіп, аударылған көліктен адамдарды алып шыққан.

Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі жол апаты болған жерден ауруханаға бес адам жеткізілгенін, оның екеуі бала екенін хабарлады.

Кәмелетке толмағандар аурухананың жедел жәрдем бөлімінде көз жұмды, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Облыстық полиция департаменті жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы