Жаңаөзенде жалдамалы пәтерден үш баланы көршілері құтқарып қалды
Жаңаөзенде жергілікті екі тұрғын қатты түтін басқан пәтерден үш баланы құтқарып қалды. Оқиға 21 желтоқсан күні шамамен сағат 19:29-да «Самал» шағынауданы, №6 үйде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Маңғыстау облысы ТЖД-ның мәліметінше, пәтердегі түтін туралы хабар төтенше қызметтердің басқару пультіне түскен соң, оқиға орнына №3 өрт сөндіру бөлімінің бөлімшелері жіберілген.
Құтқарушылар келгенге дейін түтінге толған пәтерде өздігінен шыға алмаған үш бала болған. Олардың көршілері Манас Бектұрғанов пен Руслан Дениев көмекті күтпей, терезені сындырып, балаларды қауіпсіз жерге шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырған.
Қазіргі уақытта түтіннің шығу себептері анықталуда. Балалардың жағдайы туралы ақпарат нақтыланып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы