Жаңаөзенде тұрғын үйде жарылыс болып, 11 адам зардап шекті

Жаңаөзенде тұрғын үйде жарылыс болып, 11 адам зардап шекті, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгін, 17 сәуірде таңғы сағат 5 шамасында (Астана уақытымен) Жаңаөзен қаласындағы 2-ші шағын ауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша газ жарылысы орын алды. Салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған.
Оқиға орнында өрт орын алған жоқ (үйдің жалпы ауданы 600 ш.м.). Алдын ала мәлімет бойынша 11 адам зардап шеккен, олар медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Болған оқиғаның себеп-салдары анықталуда, - делінген хабарламада.

Оқиға орнындаңы жедел, үйіндінің арасын ашу жұмыстарына Маңғыстау облысы ТЖД 50-ден астам құтқарушы және кинологиялық есептоп, 10 бірлік техника, жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы органдары жұмылдырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: nur.kz
Өзгелердің жаңалығы