18 Қаңтар 2026, 23:12
Фото: youtube.com/@aktau-lada-kz
Жаңаөзенде өрт сөндіру көлігі тұрғын үйге соғылып, екі адам көз жұмды
18 қаңтарда Жаңаөзен қаласы, Манат көшесінде шақыртуға бара жатқан өрт сөндіру көлігі мен жеңіл автокөлік соғысып, жол-көлік апаты болған. Салдарынан өрт сөндіру көлігі жеке тұрғын үйге соғылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
18 қаңтарда Жаңаөзен қаласы, Манат көшесінде шақыртуға бара жатқан өрт сөндіру көлігі мен жеңіл автокөлік соғысып, жол-көлік апаты болған. Салдарынан өрт сөндіру көлігі жеке тұрғын үйге соғылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік апатынан екі адам қайтыс болған.
Жол апаты салдарынан 2 адам қаза тауып, 5 адам зардап шекті. Түрлі дене жарақатын алғандардың арасында үш өрт сөндіруші бар. Барлығы да ауруханаға жеткізілді, – деп жазылған хабарламада.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Қылмыстық іс полиция департаменті басшылығының бақылауында.
- Қарағанды облысында бұлақтар абаттандырылды 19:11
- Қазақстандағы ең ірі қымыз фестивалі несімен ерекшеленеді 18:48
- Нью-Йорк полициясында қызмет ететін қазақтар: Сәденов отандастарымен кездесті 18:07
- Берлинде 11 сағаттан астам кепілде болған кассир құтқарылды 17:49
- Өскеменде тұрғын үй өртенді 17:17
- Вьетнамда туристер мінген катер аударылып, 15 адам қаза тапты 16:47
- «Хантәңірі қазынасы»: Алматы облысында Райымбек ауданының 90 жылдығына арналған ұлан-асыр той өтіп жатыр 16:11