Жаңаөзенде мұнай тиелген жүк көлігі өртеніп кетті

Жаңаөзенде мұнай тиелген жүк көлігі жанып кетті. Оқиға "Жаңаөзен-Жетібай" тасжолы аумағында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 6 шілдеде түстен кейін мұнай тасымалдайтын жүк көлігінің артқы дөңгелектері өртенген.

Өрт сөндірушілер шақыру түскен сәттен бастап 35 минут ішінде тілсіз жауды ауыздықтады.

Зардап шеккендер жоқ, оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы