Жаңаөзенде апатты жағдайдағы 3 үй жөнделіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңаөзен қаласындағы 1 шағын ауданда орналасқан 19 үй осыдан 52 жыл бұрын салынған. Биыл қала әкімдігі апатты жағдайдағы 3 үйді қолға алып түгелдей жаңартуға кірісті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Үйдің қазір жертөлесі тазаланып, ондағы жылу, ауыз су және тоқ желілері ауыстырылды. Сыртқы қасбеті сырланып, баспалдақтары бекітілді. Сондай-ақ ғимараттың шатыры қайта жаңартылған.
Жаңаөзенде барлығы 262 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 52-сі күрделі жөндеуді қажет етеді. 2019 жылы тозығы жеткен үйлерді қайта жаңғырту жұмыстары үшін Жаңаөзенге республикалық қордан 252 млн теңге аударылады. 183 млн теңгесі осы 3 көпқабатты баспананы толық жаңалауға жұмсалып жатыр, – дейді қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Сүйіндік Мұхамедов.
Осы жұмыстар арқылы көп пәтерлі тұрғын үйлердің қызмет ету мерзімін ұзартуға болады. Күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан тұрғын үйлер қолданыстағы тұрғын үй заңнамасына сәйкес басқарудың жаңа форматына көшеді. Яғни, тұрғын үй кооперативінен (КСК) мүлік иелерінің бірлестігі (ОСИ) нысанында басқарылатын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Зооволонтерлердің бастамаларына 500 мың теңге бөлінеді
Өзгелердің жаңалығы