Жаңаөзен-Түркіменстан жолы 4 жолаққа кеңейтілмек
Жолды 4 жолаққа дейін кеңейту бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев республикалық жолдар бойынша жаңа жобаларды таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қойылған тапсырмаларға сәйкес Жаңаөзен – Түркіменстан шекарасы учаскесінде жұмыстар жүргізілуде. Бұл участок Түркіменстан-Ресей дәлізінің бір бөлігі. Сонымен қатар жолды 4 жолаққа дейін кеңейту бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу басталды, - деді министр Үкімет отырысында.
Оның сөзінше, учаскіде қазір жасалып жатқан жұмыстар биыл аяқталады.
Сондай-ақ Сауранбаев 2026 жылы Бейнеу – Сексеуіл жобасы бойынша құрылыс жұмыстары басталатынын атады.
Бұл жоба Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жолды шамамен 1000 км-ге және жүк жеткізу уақытын 3 күнге дейін қысқартады. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленген. Қазіргі уақытта қаржы тарту рәсімдері жүргізілуде, - деді ол.
Айта кетейік, жобаның құны шамамен 780 млрд теңге.