Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев қала активіне және қалалық мәслихат депутаттарына Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған Мұқаш Мақсат Асқарұлын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев қала активіне және қалалық мәслихат депутаттарына Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған Мұқаш Мақсат Асқарұлын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мұқаш Мақсат Асқарұлы 1991 жылы Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында дүниеге келген.
Білімі – жоғары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Дене шынықтыру және спорт», М.С. Нарикбаев атындағы ҚАЗГЮУ университетін «Құқықтану», Esil University мекемесін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2013 жылы білім және спорт саласында бастаған. Әр жылдары балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде басшылық қызметтер атқарды.
2019–2023 жылдары Жаңаөзен қаласындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болды.
Жаңаөзен қалалық мәслихатының VІІ шақырылым депутаты (2021 - 2023 жж.)
2023 ж. маусым–қазан - Маңғыстау облысы әкімінің көмекшісі қызметін атқарды.
2023 жылғы қазан айынан бастап Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарды.
2025 жылғы 22 желтоқсан күні Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
- Қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады? 13:12
- Үш сарқырама, мұздықтар мен тас көшкіні: Алматыдағы қауіпті шатқалдар қандай? 12:54
- Қазақстандағы инвесторлар мемлекеттік органдармен дауларды сотсыз шеше алады 12:36
- Түркістанда 60 мыңнан астам оқушыға 50 мың теңгеден көмек беріледі 12:35
- Сарапшы жастардың саяси белсенділігі туралы айтты 12:30
- 2026 жылы жалғызбасты ана қалай баспаналы бола алады? 12:20
- Алматы тауларында төтенше жағдайлар жиілеген: Бір күнде төрт құтқару операциясы жүргізілген 12:02