Жаңаөзен мешітіндегі жарылыс: Бір баланың жағдайы ауыр

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы мешітердің бірінде өрт шығып, салдарынан бала жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Желіде Жаңаөзен мешітінде жарылыс болды деген видео тарады.

Ақпаратқа қатысты жергілікті полиция өкілдері жауап берді. Тәртіп сақшыларының мәліметіне сүйенсек, мешіттің маңындағы ғимарат өртенген. От алдымен кілемді шарпыған. Салдарынан 2013 жылы туған бала күйіп қалып, ауруханаға түсті.

Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы