Жаңаөзен ауруханасында дәрігер кісі қолынан ажал құшты
Жаңаөзен қаласындағы ауруханада дәрігер-терапевтке пышақпен шабуыл жасалып, ол алған жарақаттарынан көз жұмды. Күдікті қылмыс жасағаннан кейін өз еркімен полицияға берілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жаңаөзен қаласындағы ауруханада дәрігер-терапевтке пышақпен шабуыл жасалып, ол алған жарақаттарынан көз жұмды. Күдікті қылмыс жасағаннан кейін өз еркімен полицияға берілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға туралы журналист әрі қоғам белсендісі Айсулу Дүтбаева хабарлады. Оның мәліметінше, шабуыл 28 қаңтар күні шамамен сағат 14:00-де болған. Дәрігерлер әріптесінің өмірі үшін күрескенімен, алған жарақаттары өмірге қауіпті болып, оны аман алып қалу мүмкін болмаған.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Жаңаөзенде пышақ жарақатынан 29 жастағы ер адам қаза тапқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал ер адамдар арасында отбасылық-тұрмыстық кикілжің салдарынан шыққан. Оқиғадан кейін күдікті өз еркімен Жаңаөзен қалалық полиция басқармасына келіп, жасаған қылмысын мойындады, – деп хабарлады өңірлік полиция департаменті.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде, – деп қосты полиция департаменті.
- Үш сарқырама, мұздықтар мен тас көшкіні: Алматыдағы қауіпті шатқалдар қандай? 12:54
- Қазақстандағы инвесторлар мемлекеттік органдармен дауларды сотсыз шеше алады 12:36
- Түркістанда 60 мыңнан астам оқушыға 50 мың теңгеден көмек беріледі 12:35
- Сарапшы жастардың саяси белсенділігі туралы айтты 12:30
- 2026 жылы жалғызбасты ана қалай баспаналы бола алады? 12:20
- Алматы тауларында төтенше жағдайлар жиілеген: Бір күнде төрт құтқару операциясы жүргізілген 12:02
- Келісімсіз қай кезде түсірілім жүргізуге болады: Аида Балаева БАҚ құқықтарын түсіндірді 11:53