6 Мамыр 2023 2023, 08:30
Фото: baribar.kz
«Жаңаөзен-Ақтау» газ құбырының құрылысына 3,7 млрд теңге бөлінеді
Ақтау қаласы мен оған жақын маңдағы ауылдар көгілдір отынмен қамтылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақтау қаласы мен оған жақын маңдағы ауылдар көгілдір отынмен қамтылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Жаңаөзен-Ақтау» газ құбырының құрылысын аяқтау үшін Үкімет резервінен 3,7 млрд теңге бөлінетін болды. Премьер-министр Әлихан Смайылов бүгін тиісті қаулыға қол қойды. Ілкімді істің игілігін 150 мыңға жуық тұрғын көреді. Қазір қаланы жылумен қамту маңызды. Осыған байланысты бірқатар блок-модульді қазандық орнатып, 2 жаңа қазандық салу жоспарланып жатыр. Жаңа қуат көздері газбен жұмыс істейді.
Қаражат «Жаңаөзен-Ақтау» газ құбырынан автоматтандырылған газ тарату станциясы орната отырып, ұзындығы 52 шақырым газ құбыры құрылысын аяқтауға бағытталады. Жоба аяқталғаннан кейін аудандарға газ тартылады, - деді ҚР Премьер-министрінің баспасөз хатшысы Динара Алимова.