Жаңадан сайланған судья әділ болуға ант берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметіне сайланған жаңа судья ант берді.
Сенат отырысында спикер Мәулен Әшімбаев Конституцияға сәйкес Жоғарғы Сот судьялары анттарын қабылдау Сенаттың ерекше қарауына жататынын айтты.
Жоғарғы Сот судьясы қызметіне алғаш рет сайланған азамат ант беруі керек, – деді Әшімбаев.
Осы ретте ант беру үшін мінбеге Берік Төлеутайұлы Нәжімиденов шақырылды.
Өз міндеттерімді адал және абыройлы атқаруға, сот төрелігінің ҚР Конституциясы мен заңдарына ғана бағына отырып, жүзеге асыруға, судья ретіндегі борышым міндеттегендей бейтарап және әділ болуға салтанатты түрде ант етемін! – деп ант берді жаңадан сайланған судья Сенатта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанның Жоғарғы Сотының судьясы сайланды
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы