Жаңадан салынып жатқан 15 мектеп уақытылы ашылмай қалуы мүмкін

Бұл жайында үкімет отырысында Премьер-министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқу жылының басталуына дейін 52 жаңа мектеп ашылады деп жоспарланып отыр.

Жаңадан салынып жатқан 15 мектеп уақытылы ашылмай қалуы мүмкін. Мұндай объектілердің басым бөлігі Түркістан облысы мен Астана қаласында орналасқан. Осы бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, жаңа мектептердің іске қосылуын қамтамасыз ету қажет, - деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының айтуынша, 180 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бірақ, мұнда да жұмыстардың уақытында аяқталмай қалу қаупі бар. Дәл осындай Ақмола облысында шамамен 7 мектеп, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 мектептен жаңа оқу жылына дейін жөндеу жұмыстарын үлгермей қалуы мүмкін.

Аталған өңірлер шұғыл шаралар қабылдауы қажет. Нормаға сәйкес, барлық құрылыс жұмыстары жаңа оқу жылының басталуынан 2 апта бұрын аяқталуы керек. Оқушылар таза әрі бояу иісі жоқ сыныптарға келуі тиіс, - деді Смайылов.

Саяжан Құдайберген 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы