Бүгiн 2026, 16:44 Фото: видеодан алынған кадр

Жанабыловтар ісі: Сотта адвокат пен прокурор сөзге келіп қалды

Оқиға лотореяны өткізу үшін “сәттілік барабанын” жасаған IT-маманнан жауап алу барысында болды.

Блогерлер Жанабыловтар ісі бойынша өтіп жатқан негізгі сот отырысында лотореяны өткізу үшін “сәттілік барабанын” жасаған IT-маманнан жауап алынып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сотта жүлде ұтысын өткізуге арналған сайтты әзірлеген IT-маман Сұңғат Өтеболатовқа айыпталушы тарап пен олардың адвокаттары сұрақ қойды.

Блогер Ерболат Жанабылов IT-маманға Алматыда Айжан есімді прокурордың қалай жауап алғанына қатысты сұрақ қойған болатын. Алайда прокурор айыпталушы тарап пен оның адвокаты куәгерге сұрақты қайталап қойып жатқанын және қысым жасап отырғанын мәлімдеп, қарсы шықты.

Жанабыловтавдың адвокаты соттан прокурорға ескерту жасауды сұрады.

Әкімшілік істен қылмысқа дейін ұласқан "Жанабыловтар ісі" қоғамға қалай әсер еткені жайлы арнайы шолуымызды мына жерден оқи аласыздар.

Бұған дейін 13 наурызда Астанада танымал блогерлер Жанабыловтарға қатысты алдын ала сот тыңдалымы болғанын хабарладық.

Белгілі болғандай, Жанабыловтарды сотта басқа адвокат қорғайды.

Сот отырысында Жанабыловтарды үйқамақта ұстау шешімі өзгеріссіз қалдырылды. Прокурор Жанабыловтар лотереяны рұқсатсыз ұйымдастырғанын мәлімдеді. 

Сондай-ақ, блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс бойынша сотта тергеу басталды. Сот процесінде алғашқы куәгерден жауап алынды. Жүлде ұтысын өткізуге арналған сайтты әзірлеген ІТ-маман Сұңғат Өтеболатов жауап берді.