Жанабылов сотта судьяның сұрағына жауап бере алмады
Елордадағы Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында блогер Ерболат Жанабыловқа қатысты сот басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сотта Жанабыловтар сату үшін жанамалаған оқыту курсының видеосы көрсетілді. Видеода Жанабыловтар курсқа қалай жазылуға болатыны жайлы түсіндіреді.
Осы видео негізінде судья блогер Ерболат Жанабыловқа сұрақ қойды. Алайда айыпталушы соттың сұрағына жауап бере алмады.
Бұған дейін Жанабыловтың әйеліне қатысты істі қылмыстық бапқа ауыстыру ұсынылғанын айта кетейік.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Үкімет Жолдауды іске асырудың жалпыұлттық жоспарын бекітті
Өзгелердің жаңалығы